Шетелден қайтарылған қаражат ел игілігіне жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелден қайтарылған қаражат ел игілігіне жұмсалады

15.11.2023

Шетелден қайтарылған қаражат Үкіметтің арнайы шоты арқылы толығымен ел игілігі жолында жұмсалады. Ал, активтер мен мүліктер арнайы құрылған компаниялардың басқаруына берілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

 Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі:

Сол шот арқылы экономикада шешілмей тұрған мәселе өте көп. Әлеуметтік маңызы бар жобалар өте көп, мектеп, балабақша, аурухана жалпы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кез келген жобаға жұмсалады. Оның ішінде моноқала дейміз, олардың да проблемалары жетіп жатыр. соларға да жіберуге мүмкіндік бар.

Айта өтейік, «Бас тақырыпта» сыртқа шығарылған активтерді қайтару мәселесі әңгіме өзегі болды. Қанша қаражат қайтарылды, капиталды кімдер, қайда шығарған, олардың есімі белгілі ме? Арнайы қабылданған заңның түпкі мақсаты не, қарапйым адамға не бермек? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын бүгін сағат 17:30-да «Бас тақырып» бағдарламасынан көріңіздер.

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу