Нью-Йоркте алғаш рет әуе таксиі көкке көтерілді
АҚШ-тың Нью-Йоркінде алғаш рет әуе таксиі ұшты. Бұл арқылы жолаушыларға арналған электрлі көлікті көпшілікке таныстыру мақсат етілген. Ал әуе таксиін құрастырған компания оны екі жылдан соң қолданысқа шығаруды жоспарлап отыр. Тақырыпты Арай Төлегенқызы жалғастырады.
Бұл – «Джоби Авиэйшн» компаниясы жасаған әуе таксиі . Электр қуатымен жұмыс істейтін көлік Нью-Йорктің Манхэттен ауданы орталығындағы тікұшақ алаңынан көкке көтерілді. Бұл оның сынақ ретінде қала ішінде алғаш рет ұшуы.
Джобен Бевирт, Joby Aviation компаниясының негізін қалаушы:
Әуе таксиіне ұшқыш пен 4 жолаушы сыйады. Ол сағатына 200 миль жылдамдықпен ұшады. Демек, Манхэттеннен Кеннеди әуежайына 7-ақ минутта жетуге болады.
Мұндай такси экологиялық таза болғандықтан, Нью-Йорктің ауасын ластамайды. Әрі дыбысы бәсең. Бұған қоса, жолдардағы көлік кептелесін азайтуға үлес қосады. Әуе таксиін ұшыратын алаңдарды да жетілдіру жоспарланып отыр.
Эрик Адамс, Нью-Йорк мэрі:
Манхэттен орталығында электрлі тікұшақтарға арналған инфрақұрылымы бар арнайы алаң тұрғызамыз. Мұндай бұрын-соңды елімізде болмаған.
Джоби Авиэйшн Азаматтық авиация федералдық басқармасының ұшу сынақтарын жүргізуге рұқсат беретін куәлігін алды. Компания әуе таксиі қызметін ресми түрде 2025 жылдан бастап ұсынуды жоспарлап отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12