Ақтөбе әкімдігі «825 киіктің еті жарамсыз» деген ақпаратты жоққа шығарды
Ақтөбеге Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген 825 киіктің еті жарамсыз болып қалды деген ақпарат тарады.
Алайда, әкімдік өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, терісі мен басы алынбаған киіктің тұтас еті расымен де екі жүк көлігімен әкелінген. Бірақ оларды сату үшін келісімшартқа отырған мал сою нысаны әлі толық іске қосылмағандықтан көп етті қабылдай алмаған.
Ал екінші комбинаттың санитарлық экспертиза өткізуге лицензиясы жоқ болған. «Киік еті сатылып жатыр» дегенді естіген тұрғындар комбинатқа әлі келіп жатыр. Әлеуметтік желіде бұзылып, иістеніп кеткен ақбөкендердің көміліп тасталғаны туралы хабарламалар тарады. Дегенмен, бұл ақпаратты құзырлы орындар растаған жоқ.
Қуаныш Демегенов, Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
Ондай жағдай болған жоқ, көмілген жоқ. Көмілген жағдайда бізде ақпарат болатын еді. Ондай ақпарат жоқ. Айтып отырмын ғой, 8 қараша күні келді, 9 күні, кеше қайтадан Батыс қазақстан обылсына кетіп қалды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17