Ақтөбе қаласында 100-ден аса тұрғын бір жылдан бері пәтерлеріне кір алмай жүр. Өйткені компания келісілген уақытта құрылысты аяқтамаған.
Тұрғындар компаниямен 2021 жылдың қарашасында келісім-шарт жасасқан. Көбі пәтер құнының 80-90 пайызын төлеп қойған. Тіпті 100 пайыз төлем жасағандары бар. Олар бұған дейін жауапты басқарма өкілдерімен, қала басшылығымен бірнеше мәрте кездескен.Дегенмен нәтиже болмай тұр.
Артур Жаңбыршин, салымшы:
Заңгердің айтуынша 1,8 млрд жиналды. Негізі осы сомаға екі үй салып тастауға болр еді. Бірақ ол ақшаны басқа жерге пайдаланған сияқты деген ой туындап тұр. Осы бірінші үйін бітірмей екінші жерден екі гектар участок алған.
Тұрғындар облыс әкімдігіне келіп, көмек сұрады. Жауаптылардың айтуынша, компанияның шоттары бұғатталған. Ал, құрылысты аяқтау мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген. Қазір төрт үйден тұратын кешеннің тек біреуінің құрылысы аяқталды. Оның өзінде инженерлік желілері толық жұмыс істемейді. Сондықтан мұндағы 15 пәтерде ғана адам тұрып жатыр. Басқалары құрылыстың аяқталуын тағы бір жылдан аса уақыт күтуі тиіс.
Аслан Байдәулетов, мемлекеттік сәулет-құрылыс сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Тапсырыс беруші өзі хабарлауды уақытына қарай созады. Үш хабарлама беріп тұр ғой бізге. Үшіншісі 2024 жылдың аяғы деп тұр. Арыз болған жағдайда құрылыстың сапасына біздер тексеріс ашып, жоспардан тыс тексеріс жүргіземіз.
Жақсыбек Кемал