Мектепке қажетті жиһазды отандық өндірушілерден алу міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепке қажетті жиһазды отандық өндірушілерден алу міндеттеледі

09.11.2023

Ал «Жайлы мектеп» жобасына өзгеріс енгізілді. Енді білім ошағына қажет жиһаз мен өзге де материалдарды отандық өндірушілерден алу міндеттеледі. Бұл қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалған.

Осылайша, құрылыс компаниялары мен инвесторлар отандық өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшартқа қол қоюы шарт. Ал мектепке қажетті жиһазды бүгінде еліміздегі 134 кәсіпорын жеткізіп бере алады. Талаптың орындалуын Үкімет қадағалайды. Жобаға жауаптылар шетелдік жиһазды сатып алған жағдайда айыппұл төлейді. Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы елімізде 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Оған бюджеттен 2 трлн 400 млрд теңге қарастырылған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу