Шалғайдағы 176 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалғайдағы 176 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылды

09.11.2023

Алдағы бір жылда еліміздегі 328 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады. Желіге қосылу «KazSat» спутниктері арқылы жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда ғарыш ресурстары негізінде тартылған ғаламтордың игілігін 180-ге жуық елді мекен көріп отыр. Осылайша бұрын байланыс орнату үшін тау-тасты аралаған тұрғындар қазір үйлерінде отырып-ақ, әлеуметтік желілерге де, мемлекеттік қызметпен банк қосымшаларына да емін-еркін кіре алады. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығының» өкілдері жуырда кең жолақты желіге қосылған Родники және Красное озеро ауылдарына барып, елді мекендердегі интернет сапасын тексерді.

Абзал Әлиев, Республикалық ғарыштық байланыс орталығының департамент директоры:

Қазір біз ауылға 10 Мбит/с жылдамдық бойынша интернет беріп отырмыз. Бұл ауылдар шалғай өңірлерде орналасқан. Ауылдарда 250 адамнан кем тұрады. «Цифровое неравенства» дейді ғой. Соны жою үшін осындай мүмкіндік беріп отырмыз.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу