Владимир Путинді Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Протоколға сай, алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Екі ел басшысы өңіраралық форумға қатысты
Қазір екі ел арасындағы тауар айналымы 27 миллиард долларға жеткен. Ал Ресейден тікелей тартылған инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты. Қостанайда өтіп жатқан форумға мемлекеттер басшылары бейнебайланыс режимінде қатысқан. Бұл диалог алаңы 20 жыл ішінде екі елдің өзара тиімді стратегиялық серіктестігін нығайтуға зор үлес қосты деді Мемлекет басшысы. Форум «Ауыл шаруашылығы - қуатты экономика негізі» тақырыбын арқау етті. Себебі Қазақстан мен Ресей аграрлық өнімнің ірі өндірушісі саналады және астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Президенттің айтуынша, әлемдегі егістік алқаптарының шамамен 10 пайызы, жайылымдық және шабындық жерлердің 9 пайызы біздің мемлекеттерге тиесілі.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14