Жамбыл облысында 60 адам астан ұшынған
Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында астан ұшынғандардың саны 60 адамға жетті. Тағы он оқушының денсаулығы нашарлап, бүгін дәрігерге жүгінген.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Мектеп асханасынан ас ішіп ұшынған тағы он оқушы дәрігерлерге қаралып, жағдайлары жақсы болғандықтан үйлеріне қайтарылды. Жалпы кеше 48 адам ауруханаға жеткізіліп, оның 35-і қазір ауруханада ем алып жатыр. Олардың екеуі мұғалім. Балалардың барлығы 1 - 4 сынып оқушылары.
Жандос Рысқұлов, Айзақ аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:
Бір-бірден келіп, одан кейін жиі келе бастады. Бүгінгі жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Іш өту, жүрек айну, құсу бәрі жоқ. Температура бәрі норма. Түнгі сағат үшке дейін 350 бала көрінді. Олар үйінде, жағдайлары бәрі жақсы.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қазір гимназияның асханасы уақытша жабылды. Ал мектепті аспен қамту қызметімен айналысқан «Тоқсейітов» атымен тіркелген жеке кәсіпкер болып шықты. Ол аудан бойынша 13, ал аймақ көлемінде 82 мекемеге азық-түлік тасымалдайды екен. Қазір кінә кәсіпкерден бе әлде ағаттық аспаздан кетті ме, кесіп айту қиын. Тексеру басталды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22