Елімізде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Ұлттық жоба Мемлекет басшысының интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды.
Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде СЕК 100 Мбит кең жолақты интернетпен қамту. Ұлттық жоба 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және оны іске асыруға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат көзделген. Бұл қаржының көлемді бөлігі, яғни 1,3 трлн теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желілерін монтаждау жоспарланып отыр. Жалпы шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет тартылатын болады.
Азамат Бейбітұлы