Тараз ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды
Тараз - Олимпиада ойындарының Отаны - ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды. Бауырластық актісіне әр 2 жыл сайын Олимпиада алауын тұтату салтанаты өтетін әрі грек халқы үшін қасиетті жер саналатын Гера ғибадатханасының алдында қол қойылды. Қос шаһар арасында бауырластық қатынас орнатуға еліміздің Грекиядағы елшілігі мен Қазақстан-Грекия Іскерлік Кеңесі мұрындық болды. Ежелгі Олимпия Юнеско-ның әлемдік мұра нысандарының қатарында. Халықаралық Олимпиада Академиясы да осында орналасқан. Қос қала әкімдері өз өңірлері мен іскер топтары арасында экономикалық байланыстарды нығайтуға уағдаласты.
Георгиос Георгиопулус, ежелгі Олимпия қаласының әкімі:
2 мың жылдан астам бай тарихы бар, Шығыс пен Батыстың халықтары мен мәдениеттерінің түйісетін жері саналатын Таразбен бауырластық орнатқанымызға қуаныштымыз. Енді қос қала халқының ынтымағы бекіп, мәдени, іскерлік байланысымыз артады деген сенімдеміз.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:
Спорт, мәдениет саласы білім мен ғылым саласы бойынша да жобалар іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Осы ежелгі Олимпия қаласының туризмді дамыту бойынша істеген жұмыстарын, олардың тәжірибесін де біз жан-жақты зерделеп, Тараз қаласында да туризмді дамыту бойынша нақты жұмыс жасаймыз деген жоспарымыз бар.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11