Алматыдағы ЖЭО-ы толықтай газға көшіріледі
Алматыдағы жылу электр орталықтары толықтай газға көшіріледі. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деді. Нысандарды көгілдір отынға ауыстыру жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылға дейін аяқталады. Десе де, қазандақтарға табиғи газ қосылғаннан кейін жылу тарифі қымбаттауы мүмкін. Бұл көгілдір отынның бағасына байланысты, - деді министр. Алайда, тарифтердің күрт өсуіне жол бермейміз деп отыр.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
Алматыдағы жылу электр стансаларын газға ауыстырғаннан кейін оларды көгілдір отынмен қамту мәселесі тұр. Ол үшін «Алматы-Байсерке- Талғар» магистральді газ құбырының жанынан екінші желі салу жоспарлануда. Алдымен аймақтағы жеке сектордағы жерлерді сатып алу қажет. Оған шамамен 11 млрд 600 млн теңге қажет болады. Оны Үкімет резервінен бөлуді ойлап отырмыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49
Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиадада топ жарды
29.04.2026, 10:48
Автотұрақ тәртібін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау басталды
29.04.2026, 10:47
Әскери төлемдер жүйесіне өзгеріс енгізілді
29.04.2026, 10:46
Трамп Ұлыбритания королі Карл ІІІ мен оның жұбайы Камилланы Ақ үйде қарсы алды
29.04.2026, 10:45
Түркияда кеншілер полициямен қақтығысты
29.04.2026, 10:44
Соңғы 3 жылда 100-ден астам бала терезеден құлаған
29.04.2026, 10:43
Мәжілісте мұғалімнің жауапкершілігі қаралып жатыр
29.04.2026, 10:36