Қостанай облысында балалар мінген автобус өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында балалар мінген автобус өртенді

03.11.2023

Қостанай облысында балалар мінген автобус өртенді. Арқалық-Торғай бағытындағы жолмен келе жатқан төрт автобуста 77 адам болған. Олардың 66-сы пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар. Отқа оранған көлікте 14 бала болған. Бәрі де аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу