Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді
Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі бірінші желтоқсаннан бастап жеңілдейді. Қазақстан азаматтары үшін осындай оңтайлы шешім қабылданды.
Мәселен қазір Байқоңырға сырттан келетін адам 10 күн бұрын қала әкімшілігіне өтінім жіберуі керек. Өйткені әрбір азамат шаһардың кіреберіс бақылау бекетінен жіті тексеріліп, рұқсат құжаты болса ғана өтеді. Бұл созбалаңға салған процесс қалаға келушілерге қиындық туғызып отыр. Дегенмен Қазақстан мен Ресейдің Үкіметаралық комиссиясында осы мәселе қаралып, көптің талап-тілегі ескерілді. Айта кетейік, бүгінде Байқоңыр қаласында 75 мыңға жуық тұрғын бар. Оның үштен екісі қазақстандық азаматтар.
Қайрат Нұртай, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі:
Келісімге өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс енгізілді. Пилоттық режимде 1-желтоқсаннан бастап бір адам отырады. Кіреберісте отырып, Қазақстан азаматтарына бірден сол жерде рұқсатнама жазып беру туралы шешім қабылданды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
01.04.2026, 20:58
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады
01.04.2026, 20:12
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
Суды үнемдеуге бөлінетін субсидия 4 есе өсті
01.04.2026, 20:09