Орталық Азия елдері жемқорлықпен бірлесе күресуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері жемқорлықпен бірлесе күресуге ниетті

03.11.2023

Орталық Азия елдері сыбайлас жемқорлықпен күресте ынтымақтаса әрекет етпек. Ташкентте БҰҰ- ның бастамасымен өткен шарада өзара тәжірибе алмасу жайы кеңінен талқыланды. Жиын барысында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жол картасы бекітілді. Алдағы үш жылға арналған ақпараттық платформа қабылданды. Мақсат – осы платформаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, саладағы бюрократияны жою. Қазақстанда жемқорлықпен күресті күшейтуде бірқатар заң қабылданғаны белгілі. Әсіресе заңсыз иемденген активтерді қайтару бойынша қабылданған құжат көршілес елдерге пайдалы тәжірибе ретінде ұсынылып отыр.

Жігер Байділдин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі І-ші қызмет басшысының орынбасары:

Жемқорлықты төмендету мақсатында біздің заңнамалардағы пара алу, пара беруді криминализациялау, «реестр коррупционеров» деген бар, қоғамдық бақылауды күшейту үшін олардың тізімін жариялау секілді заңнамалық нормалар агенттікпен пысықталуда.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу