Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті басталды

03.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммитінде кіріспе сөз сөйледі. «Түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы – Қазақстанға қош келдіңіздер»,- деді.

«Ең алдымен бауырым, Реджеп Тайип Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді. Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды.

Сондай-ақ қадірлі Ильхам Әлиев мырзаны және Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын! Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты. Сонымен қатар, Ұйымның қазіргі төрағасы Өзбекстан Президенті, құрметті Шавкат Мирзиёевке түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін ерекше алғысымды айтамын»,- деді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу