Астанаға Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді
Астанаға Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді. Оны Премьер-министр Әлихан Смайылов әуежайдан қарсы алды. Мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін келді. Гурбангулы Бердімұхамедов алдымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Мемлекет басшысы Түркіменстан Халк маслахатының төрағасымен бүгінгі кездесуі бауырлас екі ел арасындағы өзара серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті. Гурбангулы Бердімұхамедов Түркі мемлекеттер саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтып, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17