Ақтөбе облысында жасөспірімдердің арасында қылмыс көбейген
Әсіресе ұрлық өршіп тұр. Тіпті бір оқушының 7 мәрте қылмыс жасағаны анықталды. Ол автокөліктерді тонаумен айналысқан.
Сондай-ақ, вандализм фактілері де бар. Қазір Ақтөбе қаласының өзінде 105 бала арнайы есепте тұр. Бұл мәселе полицейлерді ғана емес, қала әкімшілігін де алаңдатып отыр. Сондықтан бір айлық жоспар дайындалып, оқушылармен кездесулер, спорттық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жыл басталғалы облыс бойынша кәмелетке толмағандардың қатысы бар 59 қылмыстық іс тіркелген.
Ботагөз Жәлекешова, қалалық полиция басқармасы, ювенальдық полиция бөлімшесінің бастығы:
Қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстың саны күрт өсіп отыр. Яғни 38 пайызға алдынғы жылмен салыстырғанда. Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстың саны да өсіп отыр. Қаңғыбастыққа бейім кәмелетке толмағандар, із-түссіз жоғалу фактілері орын алады. Алайда біз сол кәмелетке толмағандарды өз бақылауымызға аламыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17