Қазақстан және Нидерланд Корольдігінің ғалымдары бірлескен жобаларды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан және Нидерланд Корольдігінің ғалымдары бірлескен жобаларды талқылады

02.11.2023

Қазақстан және Нидерланд Корольдігінің ғалымдары ветеринария, агротехнология және интенсивті бақ өсірудің жаңа бағдарламасы бойынша бірқатар жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ниетті. Бұл тақырып Нидерланд Корольдігінің ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы вице-министрі Ян-Кейс Худ Қазақ аграрлық зерттеу университетінің басшыларымен кездесуінде талқыланды. Жиында QS рейтингінде аграрлық мамандықтар мен орман реустары бойынша №1 жоғарғы оқу орны Вагенинген Университетімен тәжірибе алмасу мәселесі қаралды.

Ақылбек Күрішбаев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:

Ветеринария бойынша келісім-шарт бар. Содан кейін аграномия бойынша арнайы оқу бағдарламалары бар. Қосымша біз бақша, көкөніс бойынша да осындай оқу бағдарламасына ауысамыз. Өздеріңіз білесіздер бақшаның мәселесі, алма, көкөністің өндіріс бұларда жақсы дамыған. Бізде соны үйренуіміз керек.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу