Газа секторында интернет және телефон байланысы қайта үзілді. Мұны жергілікті телекоммуникация компаниясы мәлімдеді.
Мұның алдында Израиль Газа қаласының солтүстігіндегі ДжабалИя босқындар лагеріне әуеден оқ жаудырды. Хамас өкілдерінің мәліметінше, шабуылдан 50 адам қаза тапқан. Көптеген ғимарат құлап, адамдар үйінді астында қалды. Қаза тапқандардың нақты саны белгісіз. Алайда жергілікті аурухана дәрігерлерінің сөзінше, зардап шеккендердің басым көбі - балалар мен әйелдер. Ал Израиль әскері ДжабалИяға әуеден соққы бергенін растап, Хамас-тың ондаған мүшесінің көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұған қоса, қарулы топқа тиесілі жерасты туннелдері нысанаға алынғанын, ал оларды жою кезінде айналадағы ғимараттар құлағанын да мойындады. Босқындар лагеріне бомба тасталғаннан кейін Боливия Израильмен дипломатиялық қатынастарды үзді. Ал Чили мен Колумбия бұл елдегі өз елшілерін кері шақырды.
Арай Төлегенқызы