Шахтада қаза тапқандардың саны 43 ге жетті
Жер астында қалған тағы 5 кеншінің денесі табылды. Қаза тапқандардың саны 43 ге жетті. Шахтада іздеу, құтқару жұмыстары күшейтілді.
Тау-кен құтқарушылары лавалар бойын тағы бір мәрте қарап жатыр. Жарылыс 700 метр тереңдікте болған. Оның дүмпу шеңбері 2,5 шақырымға жеткен. Құтқарушылар қалған 3 адамды іздеуде. Сондай-ақ, шахта қондырғыларының қираған бөлшектерінің арасын да жіті қарауда. Кеншілердің денесі қираған ленталы конвейер мен өзге де қондырғылар арасында жатуы мүмкін,-дейді мамандар. Сонымен облыс басшысы Ермағамбет Бөлекбаев марқұм болған кеншілердің туғандары мен кездесті. Оларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Саябақта қоқыс тастамау – мәдениет белгісі
07.08.2026, 13:25
Қайтарылған активтер есебінен тағы екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 13:17
Алтынды заңсыз қазып жүргендер ұсталды
07.08.2026, 13:15
Мұқыр–Құлсары тасжолы жөнделіп жатыр
07.08.2026, 13:12
Конституциялық өзгерістер демократияны күшейтті
07.08.2026, 13:10
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектей бастады
07.08.2026, 13:07
Таиландта мектептегі атыстан 8 адам қаза тапты
07.08.2026, 13:03
Астанада заңсыз тұрған көліктерді эвакуациялау күшейтіледі
07.08.2026, 13:00