Үндістандағы тасқыннан қаза тапқандардың саны 88-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандағы тасқыннан қаза тапқандардың саны 88-ге жетті

28.09.2014
Үндістандағы тасқыннан қаза тапқандардың саны 88-ге жетті

Үндістанның солтүстік-шығысында тоқтаусыз жауған нөсер жауын салдарынан болған лай көшкіні 88 адамның өмірін жалмады, деп хабарлады NDTV арнасы.

 Бұдан бұрын 72 адам қаза тапты, деп мәлімделген болатын.

«Қазіргі уақытта негізінен құтқару шаралары аяқталғандықтан, біз басты күшті зардап шеккендерге көмекке аудардық.  Тасқынның беті қайта бастады»,-дейді үнділік National Disaster Response Force (NDRF)  басшысы О. Сингх.

Оның айтуынша,  зардап шеккен екі штатқа 16 құтқару командасы орналасқан. Олар су басқан аймақтан 6 мыңға жуық адамды құтқарып,  тұрғындарға шамамен 80 центнер азық-түлік пен өзге де қажетті заттарды   үлестірді.

Нөсер жаңбыр Ассам  мен Мегхалая штаттарында бір аптадан бері тоқтаусыз құйып тұр.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу