Израиль Газаны «Хамас» жойылғанша бомбаламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Газаны «Хамас» жойылғанша бомбаламақ

27.10.2023

Израиль Газа секторын «Хамас» жойылғанша бомбаламақ. Бұл туралы осы елдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Гилан Ердан мәлімдеді. Соңғы мәліметке қарағанда, Газада Израильдің әуе соқыларынан талай үй қирап, 7 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың 3 мыңға жуығы – бала. Бұған қоса, 613 мың тұрғын баспанасыз қалған. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтты.Таяу шығыста жаңа соғыс қазанның 7-де хамастықтар Израильдің оңтүстігіндегі қалаларына басып кіргеннен кейін басталды. Исламшыл қозғалыс бұл шабуылды палестиналықтар жерінің оккупациялануына қарсылық ретінде жасағанын айтады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу