Иранда хиджаб кимеген актрисалар киноға түсе алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда хиджаб кимеген актрисалар киноға түсе алмайды

27.10.2023

Иранда хиджаб киюден бас тартқан актрисалар енді фильмге түсе алмайды. Мұны осы елдің Кино өнерін кәсіби бағалау және қадағалау басқармасы жетекшісінің орынбасары Хабиб Иль Беги IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, кинодан аластатылған әйелдердің тізімі де жасалып қойған. Дегенмен, бұл актрисалар осы тыйымға дейін түскен картиналарға қомақты қаржы жұмсалғандықтан, продюсерлердің мүддесі үшін біртіндеп экранға шығарылмақ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу