Батыс Қазақстан облысында жол жабылып, әуе рейсі кешікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жол жабылып, әуе рейсі кешікті

27.10.2023

Батыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауып, Орал-Атырау тасжолының 120 шақырымдай бөлігі жабылды. Ал Орал-Астана рейсі әуежайдың мұздаққа қарсы шара қолданбауының салдарынан бірнеше сағатқа кейінге шегерілді.

Жәнібек, Жаңақала, Казталов аудандарында жауын-шашынның соңы боранға ұласты. Кей жерде қар аралас жаңбыр жауып, жол көктайғаққа айналды. Полицейлер алыс жолға шықпауға кеңес берді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті де алдын ала дауылды ескерту жариялаған болатын.

Ардақ Мұратқызы


Батыс Қазақстан облысы Жаңақала

Хабарламаларға жазылу