Жамбыл облысында қатты жел соғып, үйлердің шатыры бүлінді
Жамбылда қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады. Дауыл Қаратау қаласындағы көпқабатты үйдің төбесін түгел ұшырып әкетті.
Көлемі 300 шарты метр болатын шатыр көшедегі бірнеше көлікті басып қалды. Абырой болғанда адамдар аман. Үйдің шатыры бір-екі күнде жөнделеді. Сондай-ақ, дауылдың кесірінен электр сымдары да үзілді. Бірақ, әкімдік жаппай жарық өшкен жоқ, кешке дейін электр желісі үзілген үйлердің сымдары жалғанады деп сендірді. Жеке сектордағы бірнеше үйдің де шатыры бүлінген. Қазір қалада құлаған ағаштарды жинап жатыр. Синоптиктер оңтүстік-батыстан соққан екпінді жел тағы бірнеше рет қайталануы мүмкін дейді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16