Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургта өткен «Қазақстан-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 20-шы отырысына қатысты. Басқосуда тараптар кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің іс жүзінде орындалуын талқылады.
Сондай-ақ, энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, визалық режимді жеңілдету және сыни шикізат материалдарын өндіру және пайдалану мәселелерін қаузады. Сапар аясында Мұрат Нұртілеу Еуропалық институттардың жоғары өкілдерімен және Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесті. Екеуара әңгімелесуде Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бастамаларын Еуроодақ қолдайтынын атап өтті.
Одаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлері де Қазақстанмен барлық салада ынтымақты бекемдеуге бейіл екендерін жеткізді.
Нұрсұлу Қасым