Қаржы нарығына қатысты бірқатар заң жобасы әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығына қатысты бірқатар заң жобасы әзірленуде

23.10.2023

Елімізде экономиканың нақты секторына берілетін кредит көлемі артады. Ал несие алушылардың санын азайту мақсатында түрлі шаралар жасалмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банк акционерлерінің жауапкершілігін қатаңдату үшін төлем қабілеті төмен банктердің жұмысын реттеуге және мемлекеттік қолдауды шектеуге қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Осылайша, мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай қолдауды толық өтемейінше, банк басшыларына дивидендтер мен бонустар төлеуге заң жүзінде тыйым салынбақ .

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу