Таразда 12 мың түп ағаш қурап қалды
Таразда 10 гектар аумаққа егілген 12 мың түп ағаш түгі қалмай қурап қалды. Бір жыл бұрын ғана 9 млн теңгеге жуық қаржы «Жасыл белдеу» жобасына бөлінген болатын. Алайда, бүгін көшеттің тек 20 пайызы ғана тамыр жайған. «Тараздықтардың тынысы ашылады» деген аумақта қазір құлаған ағаш пен қураған бұталар ғана жатыр. Әу баста белдеу бағына су көлікпен жеткізіліп тұрған. Кейін арық арқылы суарылды. Жауаптылар жасыл-желектің қурап қалғанын топырақтың құнарсыздығынан көреді.
Батухан Сейтқалиұлы, қалалық ТҮКШ бөлімінің маманы:
Ағаштарды күтіп-баптау «Жасыл-ел Тараз» мекемесіне жүктелген болатын. Алайда олар көшеттердің өнбеу себебін топырақтың құнарсыздығы мен судың жетіспеушілігімен түсіндірді. Тіршілік нәрін қанып ішпегендіктен, көшеттердің көпшілігі қурап кеткен.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18