«Бір белдеу, бір жол» форумы әлем баспасөзі назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бір белдеу, бір жол» форумы әлем баспасөзі назарында

19.10.2023

Осы аптада Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» форумы әлем назарына іліккен айтулы оқиғалардың бірі болды. Бұл бастама өз жұмысын он жыл бұрын бастады. Нәтижесінде триллион долларға жолдар, теміржолдар, порттар, электр станциялары салынды.

Қытайдың «Синьху» агенттігінің хабарлауынша, форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай премьерімен кездесті. Бұл туралы мақалада тараптар арасындағы консенсустардың екіжақты қатынастардың келесі «30 алтын жылына» негіз болатыны айтылған.

Мерейтойлық жиын Американың «Associated Press» агенттігінің назарынан да тыс қалған жоқ. Оның дерегінше, Қытай дүниеге өз нарығын ашып, «Бір белдеу, бір жол» жобаларына миллиардтаған доллар инвестиция салуға уәде беріп отыр.

Ал «Рейтер» Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президентімен кездесуіне материал арнаған. Халықаралық жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Астана мен Бейжіңнің тұрақты әрі қарқынды байланыстары екі елдің дамуына ықпал етіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу