Шымкенттегі «Nurtau distribution» кондитерлік зауыты өз өнімдерін экспортқа шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі «Nurtau distribution» кондитерлік зауыты өз өнімдерін экспортқа шығара бастады

18.10.2023

Қазақстандық тағы бір кәсіпорын өз өнімдерін экспортқа шығара бастады. Шымкенттегі «Nurtau distribution» кондитерлік зауыты өндіріс қуатын арттыра отырып, қазір өз өнімдерін Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан нарығында саудалауда.

Жұмысын шетелдік компаниялардың дистрюбитері ретінде бастаған зауыттың қазір айналымдағы тауарларының ассортименті 900-ден асып жығылады. Оның ішінде балаларға арналған тәттілер мен сусындар, сағыз, чипси мен қытырлақ нандар бар. Кәсіпорын ел аумағындағы 4 мыңға жуық сауда нүктесіне тауар ұсынады. Енді отандық өнім «KazakhExport» сақтандыру компаниясының қолдауымен көршілес елдердің де нарығына жол тартты. Онан бөлек жылына оншақты рет халықаралық көрмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Ернар Қасымов, «Nurtau distribution» компаниясы экспорт бөлімінің менеджері:

Оның әрине жемісі бар. Онан кейін «KazakhExport» компаниясы шетелдегі серіктестерді тартып, әңгімелесуге шақырып жатыр. Соның нәтижесі болып отыр. Мақсатымыз ТМД елдерімен толық жұмыс жүргізу.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «KazakhExport» сақтандыру компаниясы жыл басынан бері Шымкент кондитерлік зауытымен бірге 50-ге жуық қазақстандық кәсіпорынның экспорттық келісімдеріне қолдау білдірген. Мұндай мүмкіндікке ие болған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесі шамамен 70 пайыз.

Алмагүл Мәженова, «KazakhExport» ЭСҚ АҚ Департамент директоры:

«KazakhExport» бұл кәсіпорындардың шетелмен алыс-беріс кезіндегі тәуекелдерін өз жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, отандық тауарға немесе көрсетілетін қызметке тұрақты сұраныс болуын қамтамасыз етеді. Ал «Nurtau distribution» компаниясына келсек, зауыттың қарызға берілген тауарының ақысын шетелдік сатып алушыдан өнідіріп беруге кепіл болады.

Сақтандыру компаниясы былтыр еліміздегі экспорттық әлеуеті бар 80 кәсіпорынның әлемнің 444 елімен сауда саттық байланыс орнатуына қолдау білдірді. Нәтижесінде 260 миллиард теңгенің тауары шетел нарығында саудаланды.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу