Қайрат Боранбаев тағы бірнеше нысанды мемлекетке қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Боранбаев тағы бірнеше нысанды мемлекетке қайтарды

18.10.2023

Қайрат Боранбаев құны 33 млрд 75 млн теңге болатын тағы бірнеше нысанды мемлекетке қайтарды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласындағы «Алмалы» сауда орталығы, «Fitnation» фитнес клуб желісі мемлекет меншігіне өтті. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығындағы аумағы 11 мың шаршы метрден асатын нысан мен жалға беріліп келген өзге де кеңсе ғимараттары қайтарылды. Заңға сәйкес, енді бұл нысандарды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарына, сондай-ақ әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр. Қайрат Боранбаевтың бұған дейін құны 1 млрд 400 млн теңгеден асатын қонақүйі мемлекет меншігіне өткен еді. Сондай-ақ, кәсіпкер Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу