Қайрат Боранбаев тағы 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Боранбаев тағы 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарды

17.10.2023

Қайрат Боранбаев тағы 30 млрд теңгені мемлекетке қайтарды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, кәсіпкер бұл қаражатты Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына өз еркімен аударған. Қайтарылған қаржы мектеп пен оқу орындарын салуға немесе жөндеуге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік салаға жұмсалады. 

Қайрат Боранбаев күні кеше құны 1 млрд 400 млн болатын қонақ үй кешенін мемлекетке қайтарған болатын. Агенттіктің хабарлауынша, нысан жылына 900 млн табыс әкеледі.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу