Алматыда #RepublicDay мерекелік челленджі жалғасуда
Алматы қаласының жастары #RepublicDay мерекелік челленджін қабылдап, арнайы акция ұйымдастырды. Адам көп жүретін Арбат алаңында патриоттық әндер шырқалып, тұрғындарға көк туымыз таратылды. Қыдырушыларға ел тарихына қатысты түрлі викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. Акцияның мақсаты – Республика күні қарсаңында жастар арасында мерекенің мән-маңызын түсіндіру және жастардың жеткен жетістіктерін насихаттау дейді ұйымдастырушылар.
Бағдат Анарбаева, қалалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры басшысының міндетін атқарушы:
Біз челленджді қабылдап, қазіргі таңда жалғастырып жатырмыз. Челлендж негізінен әлеуметтік желіде жолданған болатын. Біз тек әлеуметтік желіде емес осындай патриоттық акциялар ұйымдастырып, сонымен қатар өзіміздің тәжірибемізбен бөлісіп, барынша тұрғындарымызды мерекемен құттықтау мақсатында осында келіп отырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді
25.09.2026, 13:06
Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды
25.09.2026, 13:03
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06