Елімізде 6 мыңға жуық мопед жүргізушісіне айыппұл салынды
Мопед жүргізушілерінің 6 мыңға жуық заңбұзушылығы тіркелді. Бұл самокатшылар мен мопед жүргізушілеріне қатысты заң күшіне енгеннен кейін, яғни соңғы 1,5 айда жол ережесін бұзғандар. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханының дерегінше, барлығына айыппұл салынып, жауапқа тартылған.
Жалпы жаңа ережеге сәйкес, мопед тізгіншілеріне рөлді бір қолмен ұстауға, жолаушы тасуға, ауыр жүк тасуға тыйым салынған. Сондай-ақ, басында шлем, қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын затты тағып жүруі міндетті. Жол ережесін бұзғандар 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл төлейді. Тағы қайталаса, оның мөлшері де өседі. Ал тыйым салынған жолақпен жүрген жағдайда 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл арқалайды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12