Ақтөбе облысында егіннің 40 пайызы жиналмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында егіннің 40 пайызы жиналмаған

16.10.2023

Ақтөбе облысында әлі күнге дейін егінді толық ора алмай отыр. Оған бір ай бойы толассыз жауған жауын себеп. Мәселен, астықты аймақ саналатын Әйтеке би ауданында алқаптың 60 пайызы ғана жиналған. Мұнда егін егумен 15 ірі серіктестік, 107 шаруашылық айналысады.140 мың гектар алқапқа дән себілген. Осы уақытқа дейін оның 81 мың гектарына ғана орақ түсті. Орташа түсімі гектарына 7,8 центнер. Аудандағы қоймалардың бірінде сақталған бес мың тонна бидайдың 70 пайызы көктеген. Енді оны сату да оңайға түспейді.

Ақжол Дабылов, шаруа қожалығының төрағасы:

«29 жыл осы жермен айналысып келемін, бірінші рет осындай жағдайға келіп тұрмыз. Бұрын ондай жағдай болған жоқ. Қасымызда Қостанайға өткізе алмаймыз, олар алмайды. Ақтөбеде де алмайды, қасымызда да элеватор, ешкім алмайды».

Өңірде бидайдың бұлай көктеуі соңғы рет осыдан 35 жыл бұрын тіркелген. Шаруалар мемлекет тарапынан көмек болатынына сенімді. Шығынға батқан диқандарға жеңілдетілген дизель отыны мен тыңайтқыштарға субсидия беріліп жатыр. Енді көктеген бидайды кептіруге қолдау көрсетілуі тиіс.

Мейрамбек Сәтімов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

«Мемлекет тарапынан арзандатылған солярка бөлінді элеваторға. Бұрын жоқ еді. Кептіріп жатыр. Осы тұрғанда егіннің 58-56 пайызын ғана жинадық, қалғаны әлі тұр егіс алқабында. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу