Шымкентте тұрғын үйлердің 40 пайызы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тұрғын үйлердің 40 пайызы тозған

16.10.2023

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің 40 пайызға жуығы тозған. Шаһарда 2 жарым мың көпқабатты баспана болса соның тек үштені бірі ғана, Тәуелсіздік жылдарында салынған. Ескі үйлердің көбінің қас беттері сұрықсыз күйге түскен. Шатырынан су ағады. Ішкі желілері мерзімінен бұрын бүлінген. Оларды кезең кезеңімен жаңарту үшін он жылдан бері жаңғырту бағдарламасы аясында қазынадан қаржы бөлініп келеді. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 15 баспанаға күрделі жөндеу жасалып, жаңа келбетке ие болды. Мұнан бөлек мегаполисте 100-ден астам екі қабатты тұрғын үй апатты деп танылған. Олардың алды осыдан 80 жыл бұрын салынған. Тұрғындар шатырлары сынып, қабырғалары жарылған үйлерде үреймен тіршілік етуде.

Қанат Серікбаев, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бөлім басшысы:

Биыл 15 үй қаралған болса, келесі 2024 жылы жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен 84 үйдің жобасын ұсынуға дайын отырмыз.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу