Амстердамда көне түркі жазуларының көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амстердамда көне түркі жазуларының көрмесі өтті

16.10.2023

Амстердамда «Петроглифтер. Тамға және көне түркі жазуы» атты халықаралық көрме өтті. Шараны Қазақстан, Әзірбайжан және Түркияның Нидерландтағы елшіліктерінің қолдауымен, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Юнус Эмре институтымен бірігіп ұйымдастырған. Көрмеге келушілер тасқа қашап жазылған көне түркі жазуларымен танысып, тарихына қанықты. Сырға толы таңбаларға еуропалықтар асқан қызығушылық танытты. Осыны ескерген түркітілдес елдердің өкілдері түркі әлемінің ортақ мұраларын қарт құрлықта кеңінен насихаттауды жалғастыруға уағдаласты.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу