Ұлағатты ұстаз - ұлттың ұстыны. Өз ісін абыроймен атқарып жүрген мұғалімдердің бірі – қызылжарлық Қожаберген жырау атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айжан Қапезова. Білікті маман жуырда республикалық пед¬агогтердің алғашқы съезіне қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан арнайы марапатқа ие болды. Елге еңбегі сіңген ұстазбен әріптесім Эльмира Кәленова кездесті.
Айжан Қапезова 40 жылдан бері ұстаздық етуден жалықпай келеді. Осы уақыт аралығында 500-ге тарта шәкірттің қолына қалам ұстатып, әліппенні жаттатқызды. Ал Айзере Оразалы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Есейгенде ұстазы сынды педагог болуды армандайды.
Айзере Оразалы, оқушы:
Мұғалімім Қапезова Айжан Бәйкенқызы. Ол кісі оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйретеді. Ана тілін құрметтеу керек деп айтады. Мен мұғалімді жақсы көремін.
Мейрімді ұстазды барлық бала жақсы көретіні аңғарылды. Айжан Бәйкенқызы әр шәкірттің жүрегіне жол таба біледі – дейді әріптестері.
Қарлығаш Латыпова, мұғалім:
Республика көлемінде, облыс көлемінде сайыстарға апарып, көптеген жүлделі орындары алуды сыры – бәрі осы оқушыға деген, әр балаға деген сүйіспеншілігі деп түсінемін.
Кейіпкеріміз балаға деген сүйіспеншілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық – бойына ұстазға тән асыл қасиеттердің барлығын жиған. Білікті маман ұжымда сыйлы, балаларға үлгі.
Қазақстан ұстаздарының съезіне қатысқан 700 ұстаздың ең үздіктері марапатталды. Айжан Қапезова - «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына лайық деп танылған 7 мұғалімнің қатарынан табылды.
Айжан Қапезова, бастауыш сынып мұғалімі:
Біздің Президентіміз Қазақстанның ұстаздарына өте көп көңіл бөліп жатыр. Қазақбастылықты тоқтатты және қаншама ұстаздардың еңбегін елей отырып, жалақымызды өсірді. Бұл бір өте қуанышты, ұстаздар үшін бір мәртебе. Мақтанышпен айтуға болады. 600-ден астам ұстаздар қатысты. 7 ұстазға марапат берді. Марапат алу - Президенттің қолынан мен үшін бір бақыт деп есептеймін.
Қазақстанда 500 мыңға жуық мұғалім еңбек етіп жүр. Ұстаздар қауымының жалақысы соңғы 4 жылда екі есе өсті. Педагог мәртебесі заңмен бекітілді. Айжан Қапезова мемлекет тарапынан жасалып жатқан қоладуды сезіну – жаңа жетістіктерге жетелейтінін айтады.
Эльмира Кәленова