«Digital bridge» 2023: Жаңа мүмкіндіктер алаңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital bridge» 2023: Жаңа мүмкіндіктер алаңы

13.10.2023

Жарты жылдың ішінде 2 мың ауыл мектебі жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұл туралы бүгін министр Бағдат Мусин айтты. Соңғы кездері неліктен интернет сапасы нашарлап кетті?
Әріптесім Самал Қабышева тарқатады.

5G интернеті былай тұрсын, Астананың өзінде ғаламтор желісі ұстамай жатады. Тіпті соңғы кезде интернет сағаттап жоғалып кететін болды. Ал, Бағдат Мусин Астанаға 5G технологиясы орнатылып жатқанын жеткізді. Интернетке қатысты ақауларды осымен байланыстырды. Сондай-ақ, облыс орталықтарын 2025 жылға дейін 5G интернетпен қамтуға үлгеретініне сенімді. Бұдан бөлек министр, 2 мың ауыл мектебі жарты жылдың ішінде жоғары жылдамдықты интернетке қосылатынын жеткізді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Жарты жылдың ішінде көп ұзамай, осы жарты жылдың ішінде 2 мың ауылдың мектептерін старлинг жобасы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосатын боламыз.
Осылайша елімізде әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск басқаратын компания 2 мың ауыл мектебін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтымақ. Сондай-ақ, келер жылы IT саласының олимпиадалық финалы біздің елде өткізіледі.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Ол Қазақстанда болмаған жайт. Ол не үшін керек, не үшін қажет? Қазақстандықтарды IT мамандықтарына жетелеу үшін біз осындай шараларды өткізуіміз керекпіз. Біздің компьютерлік олимпиада деуге болады. Сол олимпиадада өтеді.
Министр Бағдат Мусин «Digital bridge» халықаралық форумы көрме тамашалайтын шара еместігін айтты. Бұл форумның мақсаты әлемдік деңгейдегі компаниялармен әріптестік орнатып, саланы дамыту.

Дарш Манн, «Startx» компаниясының бизнес қауымдастықты дамыту бойынша директоры:
Жасанды интеллект ол заман талабы. Технологияның даму жетістігі. Сондықтан заман ағымынан қалмай, даму басты талап. Уақыт келе әр салада жасанды интеллект пайда болады деп ойлаймын.
Фарук Иналтекин, Билькент сиберпарк компаниясының бас директоры (Түркия):
Орта Азиядағы инвесторлар үшін бұл форумның пайдасы зор. Біздің мәдениетіміз, төл өнеріміз ұқсақ болғандықтан, оны заман ағымына қарай дамытуымыз керек.
Бақытжан Шабдукәрім, «ARA» компаниясының продюсері:
Потенциал өте үлкен. Мында бірнеше студиялар орнасқан. Гейм студиялар бар. Анимациялық студиядан біз ғана шығармыз.Ббірақ, жастар өте қарқынды. Өздеріне әріптес табуы мүмкін. Жұмысқа қызығатын балаларды табу мүмкін және өнімдерін шет елге шығаруға партнер табуы мүмкін.

Яхия Төлешов, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:
Тура осы форум аясында яндекс компаниясыменкелісім шартқа отырып жатырмыз. Мысалы, дотономикс компаниясы біздегі жиналған ақпараттарды анализ жасап, талдау жасауға бізге көмектеседі. Яндекспен де осы салада жұмыс істейміз.
Екі күнге жалғастан «Digital bridge» халықаралық форумы бүгін аяқталды. Жалпы, 30 мыңға жуық адам қатысқан шараның ауқымы алдағы уақытта ұлғая бермек.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу