БҰҰ көшу туралы ескертудің күшін жоюға үндеді
БҰҰ Израильді Газаның 1 миллионнан астам тұрғынына 24 сағатта көшу туралы ескертуінің күшін жоюға үндеді. Халықаралық ұйым бұл қадам апатқа әкеледі деп мәлімдеді. Сонымен бірге әлемдік қауымдастықты Газа секторы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауы тұрғындарының шұғыл қажеттіліктерін өтеу үшін 294 млн доллар бөлуге шақырды. Соңғы мәліметтерге сай, Израильдің әуе шабуылдарынан Газада 423 мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. 1400-дей палестиналық қаза тапты. Хамастың өткен сенбідегі шабуылынан Израильде мерт болғандар саны 1300-ден асты. Израиль құрлықта әскери операция бастауға дайындалып жатыр.
Брайан Ландер, БҰҰ өкілі:
Газа секторында жағдай аса күрделі. Азық-түлік, су қоры тез таусылып жатыр. Клиника, мектеп тәрізді азаматтық нысандар да әуе шабуылына ұшырады. Қақтығысушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқық талаптарын орындауға үндейміз.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00