«Ұлттық қор- балаларға» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды
Сенат ұлттық қордан балаларға қаражат беруді көздейтін заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Ресми деректер бойынша ел ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – шамамен 6,7 млн. Ұсынылған заңға сәйкес ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу қарастырылған. Сенаторлар заңды концептуалды түрде, яғни, құжаттың негізгі жобасын қолдады. Құжатты қарау барысында Палата депутаттары бірқатар өзгеріс енгізді. Осыған байланысты сенаторлар заңды 10 түзетумен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
«Бірінші кезекте, ақшаны аударуға байланысты. Мысалы, ақшаны жинақтау қорына аударған кезде доллардың бағамы әртүрлі болуы мүмкін. Доллар бағамы бір күнде 4-5 рет өзгеруі ықтимал. Сондықтан біз оны аудару күні емес, аудару уақыты деген өзгеріс енгіздік».
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06