Астанада цифрлық мамандықтарға тегін оқыту басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада цифрлық мамандықтарға тегін оқыту басталды

12.10.2023

Енді Елордалықтар қысқа мерзім ішінде заманауи мамандықтың иесі атанып, жұмысқа орналаса алады. Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Жолтап» жобасы арқылы жұмыс іздеген әр азамат 7 цифрлық дағдынының бірін меңгере алады. Оның ішінде мобилограф, смм маманы, таргетолог сынды салалар бар. «Жолтап» жобасының «Фриланс мүмкіндік» оқыту жүйесі 1 айды қамтиды. Қазір 177 Елордалық жұмыссыз азамат қалаған саласы бойынша білім алып келеді. Басты мақсат – декреттегі аналар мен жұмыссыз жастарға мол мүмкіндік ашу, табыс табу жолдарын көрсету.

Ерасыл Ділдәим, сараптама бөлімінің менеджері:

Біздің бірінші оқушылар ағыны қазіргі кезде 177 адам жазылды. Қазан айында басталды. Келесі жылдың ішінде 3 мыңдай адамды оқыту біздің мақсатымыз.

Қысқа мерзімді оқытуға жазылу «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде өтеді. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша білім алуға ұмтылғандардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жұмыссыз тұрғындар.

Гүлзат Омарбекова, жоба қатысушысы:

Мысалы мен бала күтімімен үйде отырғанмен, заман ағымына сәйкес таргетолог мамандығын игеріп жатырмын. Ұстазым Жанболат мырза. Басталғанмен үшінші сабақ болды. Көп ақпараттар алдым.

Айта кетейік, «фриланс мүмкіндік» оқыту жүйесі үшін білім алушылар ақы төлемейді. Оқуды аятаған соң, сертификат табысталады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу