Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

12.10.2023

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деп күдікке ілінде. Оған қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша, бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабаралды. Шенеунік кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Асылбек Данияр





Хабарламаларға жазылу