Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүндет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды

11.10.2023

Сүндет тойға әкелінген жылқыға қатігездік көрсеткен тұрғын жауапқа тартылды. Бірнеше жігіт көзі таңулы атты баспалдақпен төмен түсуге мәжбүрлейді. Жануар өзін игере алмай құлағанда, иесі бас-көзге қарамай соққының астына алған. Жануарды қорлағаны үшін полиция бұл азаматтың үстінен хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу