Елімізде 102 бала алаяқтықтан зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 102 бала алаяқтықтан зардап шекті

10.10.2023

Елімізде 100-ден аса кәмелетке толмағандар алаяқтықтың құрбаны болды. Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы тоғыз айдың ішінде жалпы зардап шеккендердің саны 34 мыңнан асқан. Қылмыстың басым бөлігі- Алматы қаласында тіркелген. Шаһарда орын алған фактілердің саны 7 мыңға жуықтаған. Дегенмен, интернет алаяқтардың саны азайыпты. Мәселен, банк карталары арқылы ақша жымқырудың 197 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен. Жалпы еліміздегі қылмыстардың 30 пайызы алаяқтық фактісіне қатысты қозғалады.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу