Израильде Қазақстан консулдығының есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде Қазақстан консулдығының есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін

09.10.2023

Таяу Шығыста да жағдай ушығып тұр. Израильдегі Қазақстан консулдығының есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі қазір отандастарымызбен барынша байланыс орнатуға тырысып жатыр. Бұл елде жалпы қанша Қазақстан азаматы жүр? 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазір Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ол жақтағы отандастрымызбен байланыс орнатуға тырысып бағуда. Тель-Авивтегі елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, үндеу жасады. WhatsApp нөмірінде кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындаған. Және шұғыл байланыс желісі іске қосылған. Нөмірі экранда көрсетілген. Бұл нөмірлерге екі күннің ішінде 500 ден астам қоңырау келіп түскен. Барлығы бойынша нақты жұмыстар атқаралып жатыр деді сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Қазақстанның Изрильдегі елшілігінің консулдық есебінде 77 азамат тіркелген.Елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда. Изрильдің ЖОО Қазақстанның 5 студенті оқиды. Сондай-ақ 30 ға жуық Қазщақстандандық жергілікті түрлі медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтуде. Барлығы 112 адам. Осы уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдірді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Сенбі күні басталған шабуылдан кейін әлемнің барлық елдері өз азаматтарын эвакуациялаудың қамына кіріскен. Тайланд, Литва, Венгрия, Болгария, АҚШ, Үндістан өзге елдер де арнайы рейстер ұйымдастырып жатыр. Себебі көптеген әуе компаниялары соғыс басталған аймаққа барудан бас тартқан. Қазақстаннан да ертең ЭйрАстананың ұшағы Тель-Аваивке рейс орындайды. Алматы қаласынан ұшу таңғы сағат 08:00-ге, ал Тель-Авив қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған. Ұшақ жолда Ақтау қаласына жанармай құю үшін қонады. «Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша қазір Тель-Авив қаласының әуежайымен рейстің келу және ұшу уақыты келісіліп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қақтығыс кезінде қаза тапқан, жараланған немесе тұтқынға алынған Қазақстан азаматтары жоқ.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу