Жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылған. Ал, көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендеген. Бұл туралы бүгін Президент қабылдауында болған қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов айтты. Кездесуде есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыс барысы баяндалды. Мәселен, Қазақстанда алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, Агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынған. Кездесуді қорытындылай келе, Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.
Азамат Бейбітұлы