Қостанай облысында ауруханалардың қарызы 3,6 млдр теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауруханалардың қарызы 3,6 млдр теңгеге жетті

09.10.2023

Қостанай облысында медицина мекемелері қарызға белшесінен батып жатыр. Жыл басынан бері олардың коммуналдық төлемдер, дәрі-дәрмек пен азыққа берешегі 3 млдр 600 млн теңгеге жеткен. Әсіресе, Қостанай және Рудный қалалық ауруханалары мен облыстық балалар ауруханасының жағдайы мүшкіл. Бұл мекемелерде жоғары технологиялы қымбат оталар жасалады. Бірақ сақтандыру қорынан төленетін қаржы олардың шынайы құнын өтемейді. Жалпы аурухана табысының 85 пайызы жалақыға жұмсалады. Қарызды өтеуге көмек ретінде жергілікті бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. Ал мәселені түбегейлі шешу үшін мамандар аурухана жұмысын ықшамдауға тырысып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу