Мемлекет басшысы Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

06.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Қатар әмірінің жуырдағы сапары және Астана халықаралық форумына қатысуы қазақ-қатар ынтымақтастығына тың серпін берді деді. Сондай-ақ, ел басшылары бұған дейін қол қойылған келісімдер негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, серіктестікті одан әрі кеңейту бағыттарын айқындады.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу