Азия ойындары: Қазақстан құрамасы 10-шы орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы 10-шы орынға көтерілді

05.10.2023

Сонымен Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесін еске салайын. Қазақстан құрамасы бүгінгі жүлделердің есебімен 10-шы орынға көтерілді. Ұлттық құраманың қоржынында қазір барлығы 59 медаль бар. Оның 8-і алтын, 13-і күміс, 38-і қола медаль. Дегенмен дода әлі аяқталған жоқ. Жүлделі орындардан үміттіміз. Спортшыларымызға жанкүйер болайық.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу